Науқастардың өмірін арашалауға алғаш болып жедел жәрдем бригадасы баратыны белгілі. Ал, дертке шалдыққандардың тағдыры дәрігерлер мен медициналық жабдықтарға, көлікке де байланысты.
28 қазан 2020 жылы Ақтөбе медициналық орталығында Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың қатысуымен денсаулық сақтау саласының басшыларымен кездесу өтті. Жиын барысында денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелері қаралды. Жиын аяқталғаннан облыстың емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне JAC санитарлық реанимобильдері табыс етілді. Ойыл аудандық ауруханасына да берілген реанимобиль енді аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
https://www.uilcrb.kz/kz/zhanaly-tar/309-audanymyz-a-ta-y-da-zhedel-zh-rdem-k-ligi-berildi.html#sigFreeId6217361b77