ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» МКК-ң көрсететін медициналық көмек түрлері
ШЖҚ«Ойыл орталық аудандық аурухансы» МКК –жедел және жоспарлы тәртіпте жұмыс істейін мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған 60 жатын орынды көпсалалы және ауысымда 200адам кабылдайтын емханасы бар аурухана.
Кәсіпорын құрамына Саралжын ДА, Жетікөл ДА, Жекенді ДА, Құрман ДА, Берсиев ДА, Қайынды ДА кіреді және халыққа қызмет етеді.
Кәсіпорын міндеті:
- халыққа диагностика мен емдеудің қазіргі кездегі әдістерін қолдана отырып, сапалы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- көрсетілетін медициналық қызметтерді жоғарғы сапамен қамтамасыздандыру;
- кадрлық стратегия, кәсіпорынның беделі мен корпоративті мәдениетті қалыптастыру жолымен қызметкерлерді даярлау.
ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық аурухансы» МКК келесі қызметтерді көрсетеді:
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) :
- Стационарлық медициналық көмек (жалпы терапия, педиатрия, хирургия, инфекциялық, акушерлік және гинекология);
- Жедел медициналық көмек;
- Күндізгі стационарда және үйдегі стацинарда алғашқы медико-саниитарлық көмек;
- Алғашқы медико-санитарлық көмек учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибедегі дәрігер, медбике (учаскелік және жалпы тәжірибедегі),акушерлермен көрсетіледі;
- Мамандандырылған медициналық көмек салалық мамандар (эндокринолог, невропатолог, психиатр, жұқпалы ауру дәрігері, хиругр, отоларинголог, офтальмолог, фтизиатр, онколог, нарколог, стоматолог, дерматолог);
- Клинико-диагностикалық зертхана жұмыс істейді, құрамыда білікті дәрігерлер мен зертханашылар жұмыс атқарады;
- Ультрадыбыстық, Рентгенологиялық, Флюорографиялық диагностика жасау үшін заманауи жабдықтармен жасақталған. Электрокардиография жүргізіледі;
- Қалпына келтіру емі Физиотерапевт кабинеті физиотерапевттік емдеу (электрофорез, УВЧ, ультрадыбыстық ингалятор, небулайзер, УФО, амплипульстерапия аппаратымен) жабдықталған;
- Ақылы қызметтер:
- Оқуға және жұмысқа кірер алдында алдын ала медициналық тексеруден өткізу.
- Декреттелген топтағы тұлғаларды №766 бұйрыққа сәйкес міндетті түрде медициналық
қараудан өткізу (санитарлық кітапша).
- Кәсіпорындармен бастапқы, кезеңдік медициналық қараудан өткізуге келісімшарт жасау.