ҚР Президентінің 2014жылғы  26  желтоқсандағы № 986 Жарлығымен  бекітілген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ» туралы қаулысын басшылыққа ала отырып аудандық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде жұмыс жоспары құрылды .

 

Жоспарга сәйкес мекемеде сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікті  ақпаратты  анықтау мақсатында «сенім телефоны» қызметін ұйымдастырылды, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған қабырға бұрышы жасақталды Аудандық аурухана ғимаратында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » стенд және аурухана кіреберісінде «Пара беру-бас бостандығыңан және болашағыннан айырады»атты баннер жасақталған.

   

Емдеушілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді немесе мекеме қызметкерлерінің қызметін асыра  пайдалану мәселелері бойынша арыз шағым , ұсыныстарын тіркеу журналы ашылды. Денсаулық сақтау саласысы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі іс-шаралар жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер бойынша тұлғаларды бас дәрігердің қабылдауы ұйымдастырылды. Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады,  кадр инспекторы аурухана қызметкерлерімен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді, аурухананың әрбір қызметкеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген. 2010 жылдан бері Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле басталғалы стационарларға  емдеуге жатқызу порталы іске қосылды. Бұл портал арқылы тіркеу науқастың стационарға жату үшін дәрігерлермен алдын ала келіссөздер жүргізуінің алдын алады.  Жыл сайын 807 тұрғын портал арқылы жоспарлы түрде (соның ішінде облыстық  қалалық ауруханаларға 268 адам) жатқызылады. Кезек автоматты түрде белгіленеді, оны өзгерту мүмкін емес. Әрбір емделуші өз кезегін ғаламтор арқылы бақылап отыра алады. Дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде ашықтықтықты іске асыру мақсатында республиканың барлық өңірлерінде автоматтандырылған Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол дәрігерлердің рецептті жазуын, әрбір науқастың белгіленген дәріні алуын нақты бақылап отыруға мүмкіндік береді.2019 жылы 1-5 жаска дейінгі балаларга - 431117 тг, ересектерге–3 911459тг дәрілер тегін берілді.                                                                                                     

Тұрғындар тегін медициналық кепілдендірілген көмек шеңберінде, мамандандырылған кеңес алуға , диагностикалық тексерулерге жекеменшік емдеу мекемелеріне жіберілмейді, алдын ала шарттасқан мемлекеттік медициналық мекемелерге тегін тексерулерге жіберіледі (АМЦ, ОПА Бюро, ОПЦ, Айгерім, Инвиво). 

   

Медициналық техниканы жоспарлау және сатып алудың жаңа жүйесі енгізілді.      Делдалдарсыз бәсекелестік ортаны қалыптастыру мақсатында дәрілік құралдарды өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жасау жүйесі енгізілді. Медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеу оңайлатылды.

  

Ойыл орталық аудандық аурухана бойынша 2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарының көлемі 57 млн 715 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 26 млн 200 мың теңге сатып алу өткізілді, оның ішінде ашық конкурс арқылы 8 млн 156 мың теңге, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 5 млн  708 мың теңге және бір көзден алу тәсілімен 12 млн 336 мың теңге ал, қалған 31 млн 515 мың теңгеге сатып алулар жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Осы өткізілген сатып алулардың  нәтижесінде қандайда бір құқық бұзушылықтар тіркелмеді.

  

ОДБ  27.03.2015 ж № 53 бұйрығымен аурухана бойынша пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі құрылды жәнеде ауруханада сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікті ақпаратты анықтау мақсатында «2-12-53 сенім телефоны» қызметі тұрақты түрде ұйымдастырылған. Емделушілерден медицина қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық  фактілері немесе қызметін асыра пайдалану мәселелері бойынша арыз шағым түскен жоқ.  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88 - V  Заңының 5 бабына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР  2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 33-бабына сәйкес аудандық ауруханасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны -16. Көрсетілетін қызметердің регламенттерімен стандарттары туралы стенд жасақталды және жауапты мамандарға бекітілді.

 

2019 жылы «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметтерді тұрғындар емханаға келмей ХҚКО алуда жәнеде «электрондық  үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz  арқылы уйден алады.

 

Кәзіргі танда «Damu med»  мобильді қосымша  арқылы төмендегі медицина қызметер электронды көрсетілуде.

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу ;

2.Дәрігердің  қабылдауына  жазылу;

3.Дәрігерді уйге шақыру.

  1. 4. Мобилді қосымша арқылы зертханалық сараптамалардың нәтижелерін алу
  2. Еңбекке жарамсыздық парағын электроды берілу.

6.Мобилді қосымшада хабарландыру тетікшесінде дәріге жазылғаны туралы хабарлама беру.

Медицина қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық бұқық бұзушылықтардын алдын алу мақсатында мамандардын құқықтық сауатылығын артыру, медицина қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауда БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланымдар денгейлерін көбейту жоспарлануда.

 

 

 

С.Нұрбаев –Ойыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері баяндады